Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруы керек. Жұмысшы мамандықтар жылында техникалық және кәсіби білім беру жүйесіне реформа жасалады. Осы уақыт ішінде сұраныстағы мамандықтар дәріптеліп, білім алушыларға ерекше назар аударылады.