Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді. Президент өңірдегі бірқатар өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын аралап, диқандармен кездесті. Сондай-ақ, әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысты.