Маймыл шешегі бүгінге дейін әлемнің 75 елінде анықталып, 16 мыңнан астам адам жұқтырған. Ал, Қазақстанда індетті жұқтырудың бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ. Бірақ, арқаны кеңге салуға болмайды. Ел аумағында инфекцияның енуіне жол бермеу бойынша алдын алу шаралары жүргізілуде.