Мемлекет басшысы 2029 жылға дейін ұлттық жалпы ішкі өнім көлемін екі есеге дейін арттыруды тапсырды. Бұл үшін экономиканың өсімін жыл сайын 6 пайыз деңгейінде қамтамасыз ету қажет. Аталған ауқымды мақсатқа жетудің жолдары да айқындалды. Бұл ретте Ұзынкөлде қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Облыс әкімі ауданға жұмыс сапары аясында әр саланың әлеуетімен танысты.