Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын агро бизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіпсіздігі және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту. Елімізде осы мақсаттта қолға алынған «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асырылуда. Нәтиже қандай? Қостанай облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов мемлекеттік бағдарлама аясында өз жеке кәсібін ашқан тұрғындармен  кездесті.