Технология өзгеріп, медицина саласы қарыштап дамыса да, қанның орнын толық алмастырар дәрі-дәрмек жоқ. Осыған орай, Қостанайда донорлық қан тапсыру акциясы жиі жүргізіледі. Бұл жолы мемлекеттік қызметшілер белсенділік танытты. Қазіргі таңда әртүрлі басқарма тарапынан отыздан астам маман акцияға өз үлестерін қосты.