Шаһар басшысы белгілі қоғам қайраткері Рахым Ошақбаевты облыс орталығының саябақ және жағалау аймақтарымен таныстырды. Экскурсия барысында тасқын салдарынан зардап шеккен «Шағала» жағалауы мен Триатлон саябағына жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанынан көз жеткізді. Сондай-ақ, «Жеңіс» саябағына да біршама өзгерістер енгізілгенін тілге тиек етті.