Өңірде жастар арасындағы жұмыссыздықты азайтуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Жыл басынан бері 1300-ге жуық азамат тұрақты еңбекпен қамтылып, жұмыссыздық деңгейі 2,9 пайызды құрап отыр. Қоғамдық даму басқармасының басшысы Марат Жұрқабаев облыстағы жастар саясатының іске асырылу барысын баяндады. Ол мемлекеттік бағдарламалардың нәтижелеріне де тоқталды.