Ауыл шаруашылығы саласының басты міндеті елімізді негізгі азық-түлік өнімімен толық қамтамасыз ету. Президент Қасым Жомарт Тоқаев өз жолдауында осылай деді. Ауыл шаруашылығын технологиялық тұрғыдан қайта жабдықтауды қолдау тәсілдерін мұқият қарау жөнінде тапсырма берді. Осы орайда бүгін Қостанай облысына жұмыс сапарымен келген Үкімет басшысы сүт өнімдерін шығаратын «Милх» зауытына арнайы барды.