Көлік инфрақұрылымы - индустриялық экономика мен қоғамымыздың тамырына қан жүгіртетін жүйе. Аталмыш саланы алға бастыру мақсатында аймақ бойынша ауқымды шаралар атқарылып келеді. Осы ретте, облыстық көліктік бақылау инспекциясының алар орны орасан дегенді айтты жауапты мамандар.

Бүгінгі таңда Қостанай облысында көліктерді тексеретін 30-ға жуық техникалық бақылау орталығы  жұмыс істейді. Оларға қойылатын жаңа талаптар бар. Техникалық бақылау пункттері  заманауи қондырғылармен жабдықталуы  тиіс. Ол  көліктердің мұқият тексерістен өтуіне ықпал етпек, - дейді көліктік бақылау инспекциясының  мамандары.

Жеке және заңды тұлғалар тарапынан жіберілген қателіктер көрсеткіші 1455 факті. Салдарынан төленген айыппұл көлемі де артқан. 93 млн. теңге. Қарабалық көлкітік бақылау бекетінде 12173 шетелдік көлік тексеріліп, тіркелген. Нәтижесінде 434 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған.

Аса ауыр жүк көліктеріне қатысты дерек келтірер болсақ, өткен жылы өңірде  300-ден артық тасымалдаушы нормадан тыс жүк тиеп, ережені бұзған екен. Нәтижесінде, 45 млн. теңге айыппұл төлеген. Ал, 1362 тасымалдаушыға арнайы рұқсат берілген екен.