Қостанай ауданында экологиялық сенбілік өтті. Игі шараға 200-ге жуық адам қатысып, Калабаева көшесінің бойында орналасқан сайды қоқыстан тазартты. Олардың қатарында мемлекеттік ұйым қызметкерлері, коммуналдық сала өкілдері, еріктіліер мен қала тұрғындары болды. Бұл акция Таза Қазақстан бастамасы аясында ұйымдастырылды.