Жылма-жыл көркейіп, ажары ене түскен Қостанай қаласының 146 жылдығы демалыс күндері бар сән-салтанатымен аталып өтті. Бір аптаға созылған думанды бағдарламаның ауқымы кең. Түрлі көрме мен концерттік бағдарламалардан бөлек, халықаралық байқау да өз деңгейінде аталып өтті. Танымал өнер жұлдыздары тобылдықтарды құттықтап, ән мен биден шашу шашты.