Прокуратура – заң мен тәртіптің кепілі
Қарабалық ауданында қылмыс деңгейі төмендеп келеді. Бұл – прокуратураның биылғы алғашқы жартыжылдықтағы жұмысының нәтижелерінің бірі. Қадағалау органы жыл басынан бері жүздеген азаматтың құқықтарын қорғап, мақсатты пайдаланылмай, бос жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтарды. Алимент өндіру жұмыстарын да күшейтті. Сондай-ақ «Заң мен тәртіп» қағидаты аясындағы қылмыстың алдын алу шараларын да жалғастырып жатыр.