Жас мамандарға мол мүмкіндік
Өңірде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі уақыт өткен сайын төмендеп келеді. Соңғы бес жылда көрсеткіш 3 пайыздан 2,1 пайызға дейін қысқарған. Жыл сайын Мансап орталықтарының көмегімен жеті мыңнан астам жас жұмысқа тұрады. Олардың дені мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көріп, тұрақты қызметке орналасып жүр. Жастар бүгін қандай мамандықтарға бет бұруда?