Лев Толстой атындағы облыстық кітапханада суретші Георгий Соковты еске алу кеші өтті. Іс-шараға  қылқалам шеберінің отбасы, әріптестері мен өнерін биік бағалаушылар қатысты. Жиында суретшінің өңірдегі бейнелеу өнерін дамытуға қосқан үлесі мен шығармашылық мұрасы сөз болды.