Өңірдегі 100-ден астам мектепте ағымдағы жөндеу жүргізілуде. Оның жиырмаға жуығында күрделі жаңғырту жұмыстары қолға алынған. Бұл облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында. Осы мақсатта аймақ басшысының орынбасары Бақытжан Нарымбетов Қостанай қаласындағы бірнеше білім беру ұйымын аралап, жөндеу барысымен танысты.