Ауыл шаруашылығы мен ұлттық дәстүрді тоғыстырған ауқымды агрофестиваль басталды. Үш күнге жоспарланған іс-шара 1- тамызға дейін жалғасады. Агрофестиваль егін орағы қарсаңында аграрлық саланың заманауи мүмкіндіктерін көрсетуге, озық технологиялар мен инновациялық шешімдерді таныстыруға, сондай-ақ өңірдің мәдениеті мен ұлттық құндылықтарын дәріптеуге бағытталған.