Сан жылдар бойы олар мемлекет үшін айрықша маңызға ие құжаттарды діттеген жеріне мүлтіксіз жеткізіп келеді. Бұл - көпшілікке беймәлім болғанымен, дәлдік пен қырағылықты, адалдық пен жауапкершілікті талап ететін қызмет. Биыл Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі 35 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осыған орай облыстық басқармада ел игілігі жолында еңбек еткен ардагерлерге құрмет көрсетілді.