Жаздың соңғы айы - мектепке дайындықтың қызатын шағы. Дәл осы кезеңде әлеуметтік осал санаттағы отбасыларға қолдау көрсетуге бағытталған дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық акциясы өз жұмысын бастайды. Биыл да акция аясында мыңдаған оқушының жаңа оқу жылын алаңсыз бастауына жағдай жасалмақ.