Өңірдегі инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қостанай облысындағы маңызды теміржол нысандарының бірі – Рудный вокзалы жаңа кейіпке енді. Өткен ғасырдың ортасында салынған ескі ғимарат тозығы жеткендіктен толықтай сүріліп, оның орнына заманауи талаптарға сай жаңа кешен салынды. Еліміздің түкпір-түкпіріне жолаушы тасымалдайтын стратегиялық нысан қалай өзгерді?