Теміржол өткелінен өту  – көлік жүргізушісі үшін аса жауапты сәт. Болмашы ғана асығыстық орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін. Осыны ескерткен мамандар республикалық «Қауіпсіз өткел» акциясын ұйымдастырды. Басты мақсат - темір тұлпар тізгіндегендерге шойын жол өткелдерінен өтерде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтаудың маңызын түсіндіру.