Адамның қайтадан қоғамға бейімделуіне тек бақылау емес, мүмкіндік қажет. Осы бағытта облыста пробация есебінде тұрған азаматтарға қолдау көрсетіп, олардың заңды еңбекке араласуына жағдай жасауға бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Бүгін Қостанайда жұмыс іздегендер мен жұмыс берушілерді бір алаңға жинаған «Жұмыстайм» науқаны ұйымдастырылды.