Өңірде тіркелген әр екінші неке ажырасумен аяқталып отыр. Соңғы үш жылда облыс бойынша 14 жарым мыңнан астам неке қиылса, соның ішінде ажырасқандардың саны шамамен 8 жарым мыңды құрайды. Азаматтық хал актілерін тіркеу мекемесі мамандарының айтуынша, жұптар көбіне бірге өмір сүрудің алғашқы жылдарында ажырасады.