Міндет. Ерлік. Абырой. Осы ұстанымды ұран еткен полиция департаментінің қызметкерлері мектеп оқушылармен кездесу өткізді. 800-ден аса жасөспірім қатысқан жиында болашақ түлектер ішкі істер органдарының қызметтік ерекшеліктері және артықшылықтарымен таныса алды. Оқушыларға ерекше әсер қалдырған кәсіби бағдар беру іс-шарасынан тілшіміз тарқатады.