Конституциялық реформа – халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нық қадам. Сан-саланы қамтыған өзгерістер елдің саяси жүйесін жаңғыртып, әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуды көздейді. Жаңа Ата Заң жобасында білім мен ғылым, мәдениет те мемлекеттік саясаттың өзегі ретінде айқындалды. Қостанайлық ұстаздар бұл ел дамуына серпін беріп, білім сапасын жақсартуға жол ашады деген пікірде.