Биыл еліміздегі кәсіподақтар ұйымының құрылғанына 120 жыл. Осыған орай, 10-қазан – Кәсіподақтар күніне арналған мерекелік жиын Қостанайда жоғары деңгейде өтті. Басқосуға өңірдегі кәсіподақ белсенділері, бастауыш ұйымдардың мүшелері, жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестер қатысты. Салтанатты іс-шарада кәсіподақ қозғалысының тарихына шолу жасалып, осы бағытта тер төккен ардагерлерге құрмет көрсетілді.