Ақпараттық технология дамыған заманда бұрынғыдай пошташының жолына зарыға қарап, хат күтетін кезеңдер артта қалды. Бір қарағанда пошта қызметінің маңызы азая түскендей. Алайда, халық әлі де бұл қызмет түріне жүгінеді. Поштаға барады, сәлемдемесін жібереді, басқа да көптеген қызмет алады. Осыдан-ақ аталмыш мамандардың еңбегі өлшеусіз екенін аңғаруға болады. Дүниежүзілік пошта күніне орай Бифатима Ералханқызының репортажы.