Тұрмыстық зорлық-зомбылық өркениетті қоғамға жараспайтын қылық, еліміздің халықаралық қоғамдастықтағы беделіне зиян келтіретін құбылыс. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында осылай деп атап өтті. Күн тәртібінен түспей тұрған өзекті мәселеге қатысты жағымсыз деректер көбейген сайын құқық қорғау органдары да бұл бағытта бақылауды күшейтуде. Полиция қызметкерлері тұрмыстық жанжалдардың алдын алу үшін рейд шараларын жүйелі түрде жүргізіп келеді.