Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдуында бұқаралық спортты дамытуға айрықша мән берді. Осы ретте, Қостанайда биыл да ауыл балаларына үлкен спортқа жол ашатын «AUYL SPORT» турнирі басталды. Облыстың түкпір-түкпірінен жиналған жас спортшылар үш күнге созылатын додада өзара мықтыны анықтайды.