2025 жылдың соңына дейін Қостанай көшелерінің 95 пайызы түнгі уақытта самаладай жап-жарық боп тұрады. Облыс орталығында ауқымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Ескірген темірбетон тіректердің орнына заманауи металл құрылымдар мен энергия үнемдейтін шамдар орнатылып жатыр.