Бүгінде компанияның құрамында 18 жылу көзі бар: орталық, солтүстік және оңтүстік аудандардағы ірі және 15 шағын қазандық. Жалпы жылу қуатының 71 пайызы қазір қолданыста. Электр қуаты бойынша көрсеткіш – 18 МВт. Жылу көздері негізінен табиғи газбен жұмыс істейді, ал мазут — резервтік отын ретінде қарастырылған.