Жаз – балалар үшін асыға күтетін көңілді демалыс уақыты. Алайда осы маусымда олардың қауіпсіздігі – басты назарда. Қостанай облысында жазғы кезең басталысымен-ақ, балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған кешенді шаралар қолға алынған. Облыстағы ахуал өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндалды.