«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында облыс орталығында алғаш рет ерекше экологиялық бастама қолға алынды. Алюминий құтыларын жинау бойынша жарыс ұйымдастырылып, оған отыздан астам адам атсалысты. Бұл жарыс тек қоқыс жинау емес – қоршаған ортаға қамқорлық көрсету мен саламатты өмір салтын насихаттаудың нақты үлгісі.