Биыл ел бойынша шегірткеге қарсы 2,3 млн гектар алқап өңделеді. Зиянкестермен күрес шараларына қазынадан 7,1 млрд теңге бөлінген. Бүгінгі күні бұл жұмыстар Қостанай облысында ширай түсті. Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде егістікке жаппай жайылған жәндіктердің бейнесі тарап, шаруалардың алаңдаушылығын тудырды.