Табиғатты қорғаудың сәнді жолы. Қостанайдағы «Жанұя» отбасы үлгісіндегі балалар ауылында ерекше сән көрсетілімі өтті. Бұл шара Эколог күніне арналды. Балалар киімдерді өз қолдарымен жасап, қоршаған ортаға қамқорлық пен шығармашылықты үйлестірді.