Қазақы нақыштағы мектепалды лагері – балалардың ұлттық мәдениет пен салт- дәстүрді үйреніп, шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған ерекше оқу-сауықтыру алаңы. Табиғат аясындағы дәстүрлі демалыс базалары бір төбе де, кейінгі кезде көбейіп келе жатқан этно бағыттағы лагерьлер - өз алдына бөлек әлем десе болады. Сондай сауықтыруға және көшпенділік колоритті кейінгі буынға кеңінен насихаттау негізінде кеншілер қаласында ең алғашқы «Этнолайф» атты мектепалды лагері ашылды.