Мемлекет басшысының Жарлығымен мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану тәртібі өзгертілді. Енді егер қызметкер бұрын басқа мемлекеттік органда жұмыс істеп жүріп тәртіп бұзса, оны сол кезде қызмет еткен мекеме қарайды. Бұл - кім қай жерде қателік жіберсе, сол жерде жауап беруі тиіс деген қағиданы күшейтеді.