Қостанай облысында шегірткемен күрес шаралары басталып та кетті. Өңірдің оңтүстігіне жаңа техникалар жіберіліп, зиянкестерді жою жұмыстары қарқын алды. Шаруа қожалықтары өңдеуге қажетті препараттармен толық қамтамасыз етілген. Айта кетейік, елімізде бір мыңнан астам препарат тіркелген және пайдалануға рұқсат етілген. Оның ішінде 611 гербицид бар.