Еш жасырып-жабары жоқ, жасанды интеллект сан саланың ажырамас бөлшегіне айналып үлгерді соңғы уақытта. Тың техно­логиялардың тамырын басып, тілін таба біл­гендер көп жағдайда көш бастап тұр. Бұл сестің емес сананың, білектің емес, білімнің жетістігі деп  есептеледі. Жасанды зерденің заманауи үрдіс екенін ескерген еліміз де оны бар салаға енгізіп келеді. Нейрондық желілердің жалпы білім беру жүйесінде пайдасы орасан көрінеді. Осыған орай, облыс орталығындағы колледждердің бірінде мектеп мұғалімдеріне арналған шеберлік курсы өтті. Осылай, аймақ ұстаздары өз пәндерінде жасанды интеллекті қолдануды үйренуде.