Облыста балық аулауға уақытша тыйым салынды. Бұл, осы кезеңде желбезектілердің уылдырық шашуына байланысты енгізілген шектеу. Ол кәсіби болсын, я әуесқой болсын, барлық балықшыларға қатысты. 

Осыған орай Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік инспекциясы күшейтілген кестеде жұмыс істеуде. Инспекторлар мен полицейлер бірлесіп, апта сайын рейдтерге шығып жатыр. Нәтижесінде 32 құқықбұзушылық анықталып, 700 мың теңгеден астам айыппұл салынған. Заңсыз орнатылған 30-дан астам тор құралдары тәркіленді. Ерте көктемге байланысты биыл көксерке мен ақтабан балықтарына тыйым салу мерзімі 10 мамыр мен 20 маусым аралығында белгіленді. Бұл - мамандардың ғылыми ұсынымдарына сәйкес қабылданған шешім. Айта кетейік, ереже бұзған тұрғындарға әкімшілік және қылмыстық заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылған.