Өз үйіңнің жайын өзіңнен артық ешкім білмейді. Дәл осы ұстанымда қала тұрғындары мен мүлік иелері бірлестігінің өкілдері жергілікті өзін-өзі басқарудың жаңа форматына қадам басуда. Бұған дейін өз пәтерінің аясынан аспаған тұрғындар енді тұтас шағын аудандардың мәселесін бірігіп шешуге бел буып отыр. Пилоттық жоба ретінде «Әуежай» және «Юбилейный» шағын аудандарында аумақтық кеңестер құру көзделген.