Қостанайдағы облыстық балалар ауруханасының ғимараты бес жылдан бері қаңырап бос тұр. 2020 жылы басталған жөндеу жұмыстары тапсырыс беруші мен мердігердің арасындағы даудың кесірінен аяқталмады. Соның салдарынан қараусыз қалған нысанның төбесінен су ағып, қабырғасы қақырап, тозып барады. Мәселені біржақты ету үшін облыс әкімінің пәрменімен арнайы комиссия құрылған еді. Мұнымен түйткіл шешіле ме?