Қостанайдағы балабақшалардың бірі енді көкөністен кенде болмайды. Мектепке дейінгі білім беру мекемесінде экожылыжай ашылды. Балалар қияр, қызанақты өз қолдарымен сеуіп, күтім жасайды. Жоба «Тәуелсіздік ұрпақтары» бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр