Облыста «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Негізгі мақсат – кәмелетке толмағандардың арасында қылмыстың алдын алып, жастарға бағыт-бағдар беру. Рейд жұмыстары басталғалы Қостанай теміржол вокзалында құқық бұзған 7 жасөспірім анықталды.