Биыл қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, ойшылы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы. Осыған орай Қостанайда «Абай - руханияттың алтын қазығы» атты әдеби-шығармашылық кеш ұйымдастырылды. Шара Абай мұрасын дәріптеуге, жас буынға ұлттық құндылықтарды жеткізуге бағытталған.