Исламға иланған исі мұсылман үшін игілікке, ізгілікке үндейтін мерекенің бірі – Алла елшісі – Мұхаммед пайғамбарымыздың дүниеге келген айы. Діни мейрамдар күнтізбесі бойынша ол Мәуліт деп аталады. Осы ретте облыс орталығындағы «Мирас» мәдениет үйінде екі дүние сәруарының өнегелі өмірін үлгі етер рухани кеш өтті. Жергілікті тұрғындар көптеп жиналған ғибратты іс-шараға тілшіміз куә болып қайтты.