Осыдан бірнеше күн бұрын Меңдіқара ауданының тұрғындарын жылумен қамтып отырған орталық қазандық істен шыққан еді. Жауаптылар оқиға орнына барып, мәселенің мән-жайын анықтады. Тексеріс жұмыстарын жүргізді. Ақау көп ұзамай жойылды. Нәтижесінде, Боровское ауылында екі жаңа қазандық ауыстырылып, іске қосылды.