Өрт қауіпсіздігі - күн тәртібіндегі басты мәселенің бірі. Төтенше жағдайлар департаменті бұл күндері жеке секторларды аралап, пештердің мұржаларын тазалап жатыр. Сол сияқты улы газды анықтайтын қондырғылар орнату жұмыстары да жалғасуда. Бұл, өрттің және ыстан уланудың алдын алуға септігін тигізеді. Биыл Қостанай қаласында 124 өрт оқиғасы тіркеліп, 2 адам көз жұмған.