Елімізді абаттандыру және көгалдандыру – үлкен мемлекеттік маңызы бар іс. Бұл бір реттік науқан емес, жалпыұлттық міндет. Тазалық шараларына белсене атсалысып жүрген қостанайлық жастар мұндай жұмыс үнемі жүргізілуі керек және өмір салтына айналуы тиіс деп есептейді.