Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңір басшылары рейтингінде үздік үштік қатарынан көрінді.

Қазақстандық қоғамды дамыту институты әкімдер жұмысының тиімділігін сарапқа салып, нәтижесінде жаңа рейтинг түзді. Онда облыс және қала әкімдерінің тиісті міндеттерін атқару деңгейі бағаланған. Атап айтқанда, әкімдік жұмысы, оның ашықтығы, тұрғындардың инфрақұрылымға толымды-толымсыз көзқарасы, әкімнің өзінің танымалдылық дейгейі таразыланған. Ұзын саны 20 облыс-қала әкімдері қамтылыпты. Тізім басында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков тұр. Ол 172,9 балл жинаған. 2-орында 172,5 балмен Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов ие болды. Ал 158,7 балл алған Ақтөбе облысының басшысы Асхат Шахаров 3-орыннан көрінді.